Accessibility links

АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарынан ЕО-ның транзиттік визасын талап етті


АҚШ қауіпсіздік мақсатында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарынан Еуроодақтың транзиттік визасын талап етті. Мұндай қадам АҚШ-қа содыр болуып шығуы мүмкін адамдар кіріп кетпеуі үшін жасалып отыр. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Еуроодақ пен оған мүше елдерді Орталық Азияның кейбір елдерінен келетін жолаушыларға қатаң шара қолдануға кеңес берді.

Мұндай ескерту «Ислам мемлекетімен» байланысы бар контрабандистердің көмегіне жүгінген бір топ мигранттың АҚШ-тың оңтүстік-батыс шекарасынан өтіп кетуінен кейін жасалып отыр. Сол себепті АҚШ жолаушылар еуропалық әуежайлар арқылы Құрама Штаттарға заңсыз кіруге әрекеттенуі мүмкін деп сескенеді.

АҚШ шенеуніктері Еуроодақтан Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары үшін әуежайларда транзиттік виза талап етуді сұрайды. Транзиттік виза – ел аумағы арқылы өту үшін берілетін виза түрі. Оны консулдықта немесе елшілікте ары кетсе үш күнге алуға болады.

Ақ үй шенеуніктері Bloomberg агенттігінің осы мәселеге қатысты сауалдарына жауап беруден бас тартты.

Биыл тамызда президент Байден әкімшілігі Өзбекстаннан АҚШ-қа заңсыз адам өткізумен шұғылданатын топты әшкерелегенін хабарлады.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, қылмыстық желінің кем дегенде бір мүшесі шетелдің террористік тобымен байланысы болған. Дереккөздер мәліметінше, федералдық қауіпсіздік қызметі АҚШ-қа заңсыз бірген шамамен 15-120 өзбек иммигрантын іздестіріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG