Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасының тағы 14 шақырымы келісілді


Қырғызстан және Тәжікстан жағы шекара бойынша қол қойған құжат. Бустон, Тәжікстан. 18 қазан 2023 жыл.
Қырғызстан және Тәжікстан жағы шекара бойынша қол қойған құжат. Бустон, Тәжікстан. 18 қазан 2023 жыл.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының тағы 14 шақырымы келісілді.

Бұл шешім 12-18 қазан күндері Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің шекараны бекіту комиссиясының жұмысы кезінде қабылданған.

Бұл кездесуде тараптар шекараның жалпы 43,32 шақырымы мақұлданғанын жеткізген.

Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970-980 шақырым. Шекараны бекіту жұмысы 2002 жылы басталып, 2020 жылға дейін 519 шақырымы бойынша толық келісімге келген. Былтыр екі ел президенті 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін мәлімдеген.

Қалған даулы жер шекара маңында тұратын екі ел тұрғындары арасындағы жиі шығатын жанжалға жиі түрткі болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG