Accessibility links

Түркістанда "үш қызды зорлады" деп күдікке ілінген тұрғын ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Отырар ауданында "кәмелет жасқа толмаған үш қызды зорлады" деген күдікпен 33 жастағы адам ұсталды. Полиция оның үстінен "зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

18 қазанда кешке Отырар ауданының үш тұрғыны әлеуметтік желі арқылы "7 және 10 жастағы қыздарын көршісі зорлады" деп мәлімдеген. Олардың бірінің сөзінше, оқиға жаз айында болғанымен ата-аналар енді білген. Дәрігерлік тексеруден өткен соң полицияға арызданған.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растады. Департаменттің хабарлауынша, 33 жастағы тұрғынның үстінен екі ата-анадан арыз түскен. Жедел тергеу тобы құрылып, Қылмыстық кодекстің “Зорлау» бабымен (120-бап) қылмыстық іс қозғалған. Полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталған, кінәсін мойындаған соң қамауға алынған. Аталған іске байланысты басқа ақпарат айтылмайды.

"Не молчи"қорының мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстанда жасөспірімдерге қатысты 1080 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7,6% көп. 198 оқиға құқық бұзудың "аса ауыр"түріне жатады. Осы уақыт ішінде зорлау қылмысы – 83, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық оқиғалары – 80, тағы 64-і – жас балаға қатысты жасалған азғындық әрекеттер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG