Accessibility links

Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ әскери базасына дрон шабуылдады


Сирия картасындағы Дейр-эз-Зор қаласы.
Сирия картасындағы Дейр-эз-Зор қаласы.

Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ әскери базасына дрондар шабуылады. Бұған дейін мұнда арнайы әскер жасағы қарулы лаңкестермен күресуге бағытталған оқу-жаттығудан өтті. Мұны ресми дереккөздерге сүйеніп Associated Press агенттігі хабарлады.

Бір дрон атып түсірілді, екінші дронның шабуылы салдарынан база қызметкерлері жеңіл жараланған деген ақпарат тарады.

Газа секторында ауруханадағы жарылыстан жүздеген адам қаза тапқан соң кейінгі күндері Ирактағы АҚШ нысандары мен олардың одақтастарына қарсы рейдтер жүргізілген.

Сирияның оңтүстік-шығысындағы әл-Танф гарнизоны логистикалық маңызы бар жерде орналасқан. Иранның қолдауына сүйенген содырлар сол арқылы "Хезболла" тобына қару-жарақ жеткізеді.

Сириядағы оппозициялық белсенділер бейсенбіде елдің шығысындағы мұнай кәсіпорнына дрон шабуылдағанын хабарлады. Ол жерде АҚШ әскері орналасқан.

Deir Ezzor 24 медиа компаниясының еуропалық бюросының басшысы, белсенді Омар Әбу Лайла Иракпен шекаралас Дейр-эз-Зор қаласының шығысындағы газ кен орнына жарылғыш зат бар үш дрон шабуыл жасағанын айтты.

Ұлыбританияда орналасқан Сирияның адам құқығы орталығының қызметкері Рами Абдурахман Conoco газ кен орнында бес жарылыс болғанын растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG