Accessibility links

Әкімшілік сот алматылық белсенді Марат Мусинді 15 күнге қамады


Полиция белсенді Марат Мусинді бөлімшеге әкеткелі тұр. Алматы, 19 қазан, 2023 жыл
Полиция белсенді Марат Мусинді бөлімшеге әкеткелі тұр. Алматы, 19 қазан, 2023 жыл

Алматының әкімшілік соты жергілікті белсенді Марат Мусинді 15 күнге қамауды бұйырды. Сот белсендіні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы ("бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу") бойынша айыпты деп таныды.

Марат Мусин 19 қыркүйекте "әуежайды басып алу ісі" бойынша сотқа тартылған адамдардың апелляциялық шағымы қаралатын ашық сот отырысына қатысу үшін Алматы қалалық сотына барған. Сот отырысына келген адам қарасы көбейген кезде сот өкілі отырыс онлайн режимде өтетін болды деп хабарлап, бұған сотталушылардың туыстары, адвокаттары мен белсенділер наразылық білдірген. Кейбір белсенділерді кейін билік "келісім берілмеген жиынға қатысты" деп айыптаған. Полиция толтырған хаттамада Мусин "айыбын мойындады" деп жазылған.

Полиция Марат Мусинді 19 қазанда белсенді Назым Табылдиеваның сотынан кейін Алатау аудандық ішкі істер бөліміне алып кеткен. Полиция оны іс материалдарымен танысуға және "әңгімелесуге" шақырып жатқанын айтты.

Кейінгі күндері Алматы мен Астанада кемінде 7 белсенді "митинг заңын бұзғаны" үшін әкімшілік сот шешімімен 15 күнге қамалды. Құқық қорғаушылар мұны оппозиция 25 қазанға белгілеген қарсылық акциясымен байланыстырады. Билік ол күні митинг өткізуге "жол бермейтінін" ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG