Accessibility links

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі ұсталғанын хабарлады


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты. Көрнекі сурет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 21 қазанда бұрынғы әділет министрі "лауазым өкілетін асыра пайдалану" күдігі бойынша ұсталғанын хабарлады. Ведомствоның айтуынша, күдікті "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдап", сол арқылы "мемлекетке үлкен зиян келтірген".

Агенттік күдіктінің аты-жөнін атаған жоқ. Алайда ҚазТАГ дереккөзге сүйене отырып, бұл Марат Бекетаев екенін жазды. Журналист Михаил Козачков және өзге де телеграм-арналар Бекетаев екенін жазды.

Әзірге күдікті жағы ақпарат құралдарына мәлімдеме жасамады.

46 жастағы Марат Бекетаев әділет министлігіне 2016-2022 жылдары жетекшілік еткен. Ол Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған, кейін оның премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны хабарланды.

Orda.kz сайты биыл ақпанда оның ол қызметтен де босатылғанын, премьер-министрдің кеңесшісі қызметін бір жылдан астам атқарғанын жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG