Accessibility links

Украинаның тексеруші органдары шетелден келген көмек жымқырылғанын анықтады


Марсельден Украинаға келген көмек. 27 қыркүйек 2022 жыл.
Марсельден Украинаға келген көмек. 27 қыркүйек 2022 жыл.

Биыл Украина әскеріне жіберілген гуманитарлық көмектің үштен бірі әскери бөлімдерге жетпеген. Украина кеден қызметі мен қорғаныс министрлігі бірігіп жүргізген тексеріс қорытындысы осыны көрсеткен, деп жазды УНИАН агенттігі.

2023 жылдың алғашқы 9 айында 200 әскери бөлімге 9 мыңнан астам гуманитарлық көмек жіберу фактісі тексерілген. Тексеру органдарының ресми хабарламасында үш мыңнан астамы әскери бөлімдерге жетпегені айтылған.

Биыл маусымда Украина мемлекеттік кеден қызметі 2023 жылдың басынан бері әскери мақсаттағы 653 гуманитарлық жүк жоғалғаны тіркелгенін хабарлаған. Жоғалған жүкте бронежилет пластиналары, түнде айналаны шолуға мүмкіндік беретін құралдар, тепловизор, дрон, автокөліктер болған.

УНИАН-ның жазуынша, осыған ұқсас фактілер алдыңғы айларда да тіркелген.

Еуроодаққа қосылғысы келетін Киевке Батыстағы одақтастары бірнеше шарт қойған, арасында жемқорлықпен де күрес бар.

XS
SM
MD
LG