Accessibility links

Харьковте пошта терминалына ракета түсті. Алты адам қаза болды


Харьковтегі ракета түскен пошта терминалы.
Харьковтегі ракета түскен пошта терминалы.
Жексенбіге қараған түні Украинаның Харьков қаласында пошта терминалына ракета түсіп, 6 адам опат болды, 16 адам жарақаттанды.
Харьков облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубовтың хабарлауынша, Ресей әскері С-300 кешенімен екі ракета соққысын жасаған. Қазір оқиға орнында мамандар үйіндіні аршып жатыр, тағы құрбандар болуы мүмкін екені хабарланды.
Украина президенті Владимир Зеленский алты адам опат болғанын растап, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
"Ресей террор және адам өлтіру арқылы ештеңеге қол жеткізбейді. Террористердің барлығын заң алдында жауап беру күтіп тұр" деп жазды ол.

Ресей әскері әзірге соққыға түсініктеме бермеді.

Украина қарулы күштерінің жексенбі таңертеңгі хабарламасына қарағанда, өткен тәулікте Украина аумағына 6 ракета, 53 авиация соққысы жасалған. Донецк, Запорожье және Херсон облыстарындағы елді мекендері дүркіндете ататын реактивті жүйемен атқыланған. 22 қазанға қараған түні Украина әскерінің мәліметінше, C-300 кешенімен Украина аумағына 8 ракета жіберілген. Ресей әскері сонымен бірге Х-59 ракетасын жіберіп, "Шахед" дронымен үш соққы жасаған. Олар атып түсірілген.

  • Ресей әскері Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарға соққы жасап жатқанын айтқан. Азаматтық нысандар мен инфрақұрылымдардың атқылануы мен қирауы, бейбіт халықтың опат болуына қатысты Ресей түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG