Accessibility links

АҚШ Таяу Шығыста әуе қорғанысы мен әскерін күшейтетінін мәлімдеді


АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад базасы.
АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад базасы.

ХАМАС Израильге шабуылдап, аймақта жағдай ушыққан соң және Иран қолдайтын топтар Американың әскери базаларына шабуылдағаннан кейін АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтетінін мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің мәлімдемесінде осылай деп жазылған. Ол жағдайды президент Джо Байденмен егжей-тегжейлі талқылағанын да айтты.

Пентагон басшысының айтуынша, аймақтағы Америка әскерінің қорғанысын нығайту үшін жаңа әуе қорғаныс құралдары атап айтқанда, THAAD батареялары мен "Пэтриоттың" жаңа кешендері пайдаланылмақ. Бұған қоса, Таяу Шығысқа жауап беретін АҚШ орталық басқармасының қарамағына "Дуайт Эйзенхауэр" авиатасымалдағыш тобы жіберілген. Бұған дейін Жерорта теңізінің шығысына "Джеральд Форд" авиатасымалдағышы жіберілген еді. Мәлімдемеде сонымен бірге Америка әскерінің белгілі бір бөлігі аймаққа жіберу дайындығына көшірілгені айтылған. Нақты цифр айтылмайды.

АҚШ бұған дейін Иран мен Тегеранның одақтастарына қайырылып, Израильге шабуылдамауға және Газа секторы төңірегіндегі қақтығысқа араласпауды ескерткен.

  • Кейінгі кезде Американың Сирия мен Ирактағы әскери базаларына бірнеше рет шабуыл талпынысы болғаны айтылған. Болжамға қарағанда, шабуылды Ирак пен Сирияда шоғырланған ираншыл қарулы топтар ұйымдастырған. Жексенбі күні таңертең Reuters агенттігі дереккөзге сүйене отырып, Ирактағы "Айн әл-Асад" базасы "Катюша" ракетасымен (дүркіндете ататын ескі советтік кешендер болуы мүмкін) атқыланғанын жазды. Атқылаудың салдары жөнінде хабар болмады.
XS
SM
MD
LG