Accessibility links

Түркия президенті Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды


Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған

Түркия президенті Реджеп Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды. Мұны Ердоған әкімшілігі хабарлады. Құжат Түркия парламентінің бекітуіне жіберілген.

Бұрын Финляндия секілді бейтарап болған Швеция 2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң НАТО құрамына алу жөнінде өтініш берген. Финляндия 2023 жылдың сәуірінде НАТО мүшесі болды. Швецияның НАТО-ға қосылуына Түркия мен Венгрия қарсылық білдірген.

Анкара Стокгольмнен Күрд жұмысшы партиясының белсенділерін беруді талап еткен. Түркия бұл партияны Швециядан саяси баспана алған террор ұйым деп санайды. Түркияның қару-жарақ саудасына эмбарго жариялаған Швециядан бұл шешімнің де күшін жоюды талап еткен. Ердоған швед белсенділерінің Құран өртеп, исламға қарсы жасаған өзге де акцияларын қатаң айыптаған.

Алайда ол биыл шілдеде Швецияның альянсқа қосылуына қарсы еместігін мәлімдеді. Ердоған мұның алдында НАТО-ның Вильнюстегі саммиті қарсаңында АҚШ президенті Джо Байденмен сөйлескен еді.

  • НАТО-ға қосылғысы келетін қандай да бір мемлекет әуелі НАТО мүшелерінің бәрінің келісімін алуға тиіс. Қазір НАТО құрамында 31 мемлекет бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG