Accessibility links

Қырғызстан мен Қытай бірлесіп электр станциясын салуға және көмір кенішін игеруге келісті


Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров (сол жақта) және Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян.
Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров (сол жақта) және Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян.

25 қазанда Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянның Қырғызстанға ресми сапары барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров қытайлық әріптесі Ли Цянмен сауда, инвестиция және бірлескен жобаларды игеруге байланысты кеңейтілген кеңес өткізді.

Келіссөз барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған. Атап айтқанда, қытайдың үш компаниясы "Қырғызкөмір" кәсіпорнымен бірлесіп, үш көмір кенішін ("Тегене", "Сүлүктү" және "Торугарт 1") игеру бойынша келісім жасалған. Бұдан бөлек Ош облысының Алай ауданындағы қырғыз-қытай "Эркештам" автомобиль шекарасына жақын жерде көмір логистикалық орталығын құру жөнінде келісімге қол қойылған.

Сонымен бірге Қырғызстан энергетика министрлігі мен Қытайдың екі компаниясы арасында қуаты 3 ГВт болатын жел және күн станцияларын салу туралы келісім жасалған.

Биыл тамыз айында Үрімжіде қырғыз-қытай бизнес форумы өткен. Сол кезде гидроэнергетикалық жобаларды дамыту бойынша әріптестік пен көмір кеніші, көмір логистикалық орталықтарын құру бойынша жалпы құны 1 млрд доллар болатын 29 келісімге қол қойылғаны айтылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG