Accessibility links

Ресей мен Қытай Газадағы қақтығысқа байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына вето қойды


ХАМАС содырлары мен Израиль арасындағы қақтығыс. Қазан айы 2023 жыл.
ХАМАС содырлары мен Израиль арасындағы қақтығыс. Қазан айы 2023 жыл.

Ресей мен Қытай Газа секторында Израиль мен ХАМАС содырлары арасындағы соғысқа байланысты АҚШ ұсынған резолюция жобасына вето қойды. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Резолюция жобасында Газа секторында гуманитарлық дағдарыс нашарлағаны жазылған. Бұған қоса, құжатта Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін уақытша күш қолдануды тоқтату туралы үндеу де бар.

Біріккен Араб Әмірліктері де резолюция жобасына қарсы шықты. Қауіпсіздік кеңесінің он мүшесі құжатты қолдады, екі мүшесі қалыс қалды.

18 қазанда АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін әскери қимылдарға үзіліс жариялауға шақыратын Бразилия дайындаған резолюция жобасына вето қойған.

XS
SM
MD
LG