Accessibility links

WJP: Қазақстан заң үстемдігі рейтингінде 65-орында тұр, ал Ресей 113-орынға түсті


Поилция наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Алматы.
Поилция наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Алматы.

Халықаралық The World Justice Project үкіметтік емес ұйымы әлем елдеріндегі заң үстемдігі бойынша 2022 жылға арналған рейтингісін жариялады. Қазақстан 140 елдің ішінде – Моңғолия мен Индонезия ортасында – 65-орында тұр.

Бір жылда Қазақстанның рейтингіде орны өзгермеді, былтырғы есепте де 65-орында болған.

Тізімді Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция мен Германия елдері бастаса, рейтинг соңында Гаити, Конго демократиялық республикасы, Ауғанстан, Камбоджа мен Венесуэла тұр.

Әлемдік рейтингіде Тәжікстан мен Түркіменстан жоқ. Ал Өзбекстан 78- орынға, Қырғызстан 103-орынға (бір жылда үш саты төмендеді), Беларусь — 104-орынға (бес сатыға төмендеді), Украина — 89-орынға (13 саты төмендеді), Ресей — 113- орынға (алты саты төмендеді) жайғасқан.

WJP әлемде заң үстемдігі бойынша жағдай 2016 жылдан бері нашарлап келе жатқанын атап өткен. Жағдайдың нашарлауына авторитаризмнің күшеюі себеп бола бастаған, кейін коронавирус пандемиясы ахуалды ушықтырып жіберген.

World Justice Project заң үстемдігі рейтингін 2009 жылдан бері жүргізіп келеді. Есепті жасауға сарапшылар, халық арасында сауалнама жүргізген әлеуметтанушылар қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG