Accessibility links

Түркіменстанда Ресейден оралған 25 адамды әуежайдан бірден әскери комиссариатқа алып кетті


Автобус аялдамасында тұрған солдаттар.
Автобус аялдамасында тұрған солдаттар.

Түркіменстанның Балқан облысында шамамен 25 адам әуежайдан түсе сала, бірден әскерге шақырылды. Олар Ресейдің Саратов мемлекеттік университетін бітіріп, 5 қазанда отанына қайтқан.

Бұл туралы жастардың ата-аналарына сүйенген Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Баласын әскерге алып кеткен балкандық тұрғынның айтуынша, әуежайдан ұландарды әскери комиссариат, ұлттық қауіпсіздік министрлігі және полиция қызметкерлері тосып алып, оларға "қылмыскердей қараған".

Бірқатар жігіттер жазда оқу аяқталғаннан кейін бірден Түркіменстанға қайтпағаны үшін айыпталған. Жастарға отбасымен сөйлесуге де рұқсат бермеген. Тек екі жігіт қана жақындарымен тілдесе алған. Азаттықтың Түркімен қызметінің жазуынша, олардың жақындары ұлттық қауіпсіздік министрлігінің жергілікті басқармасында істегендіктен оларға сондай мүмкіндік берілген.

Түркіменстанда жылына екі рет президент жарлығымен жастар әскерге шақырылады. 16 қыркүйекте президент Сердар Бердімұхаммедов 18-27 жастағы ер адамдарды әскерге шақыратын жарлыққа қол қойған. Оған сәйкес, әскери қызметтен босауға немесе оны кейінге шегеруге құқығы жоқ ер адамдар әскер қатарына алынуға тиіс.

XS
SM
MD
LG