Accessibility links

Украина "Нафтогазы" Ресей газының Еуропаға транзиті туралы келісімді ұзартпайды


RUSSIA – This photograph taken on September 1, 2022 shows a logo of Russia's energy giant Gazprom at a petrol station in Moscow
RUSSIA – This photograph taken on September 1, 2022 shows a logo of Russia's energy giant Gazprom at a petrol station in Moscow

Украинаның "Нафтогаз" компаниясы Ресей газының Еуропаға транзиті жөнінде "Газпроммен" жасалған келісімді ұзартпайды. Бұл туралы Азаттық радиосының Украин қызметіне берген сұқбатында компания басшысы Алексей Чернышёв айтты. Қолданыстағы келісім 2024 жылдың соңында аяқталады.

Чернышёвтың сөзінше, Украина Еуропа елдерін қолдау мақсатымен әлі күнге Ресей газының транзитіне мүмкіндік беріп отыр. Еуропа одағы 2027 жылға дейін Ресей газын тұтынудан толық бас тартатынын мәлімдеген, ал Украина "бұл идеяны қолдап, әрі қарай жүзеге асыруға ынталы". Оның сөзінше, Украина келісімшартты кез келген сәттте үзуге дайын, бірақ өйтетін болса Еуропа газ тапшылығын көруі мүмкін.

"Нафтогаз" басшысының айтуынша, Украина - табиғи газ резерві бойынша Еуропада үшінші орында тұр, сондықтан өзінің газ өндірісін ұлғайтып, нетто-экспортёр деңгейіне жетуді көздеп отыр.

Чернышёв мәліметіне қарағанда, Украина Ресей газының транзиті үшін төлем алып отырған жоқ. Өйткені екі "кіре берістің" бірі - "Сохрановка" газ өлшем станциясы Ресейдің Ростов облысы мен Ресей басып алған Донбастың шекарасында тұр, "Газпром" бұл бағыт бойынша транзитке төлеуді доғарған. Қазір "Нафтогаз" "Газпроммен" соттасып жатыр.

  • "Коммерсантъ" жазуынша, "Газпром" мен "Нафтогаз" 2019 жылы бес жылға келісім жасасқан. Келісімде Ресей компаниясы Украина жері арқылы өтетін транзит үшін бес жыл ішінде 225 миллиард текше метр газ беруге тиіс. Батыс және Орталық Еуропа елдеріне баратын Ресей газы Украина жері арқылы өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG