Accessibility links

30 қазанға қараған түні Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды


30 қазанда Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалған. Жергілікті БАҚ -тың жазуынша, тұрғын үйлер ғана емес әуежай, сауда орталықтары секілді қаланың ірі нысандарында да жарық өшкен.

Жергілікті билік хабарына қарағанда, сегіз электр подстанциясы ажырап қалған.

Электр қуаты ажыраған сәтте интернет байланысы да нашарлағаны байқалған.

30 қазанда түн жарымында энергетика министрлігі Астанадағы электр подстанцияларының бәрі қосылғанын мәлімдеді. Министрлік "жарылыс болған" дейтін қауесет негізсіз деп мәлімдеп, "электр қуаты қысқа тұйықталған" деп нақтылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG