Accessibility links

Қазақстанда Өзбекстан азаматы мінген көлік Тәжікстан азаматының көлігімен соғысып, екі жүргізуші де өлген


Самара-Шымкент трассасының бойында, Қобда кентінің тұсында екі автокөлік соғысып, Өзбекстан мен Тәжікстанның үш азаматы қайтыс болған.

Қазақстан құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, 29 қазанда Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан азаматы Батыс Қазақстан шекарасынан келе жатып, Ақтөбе облысының Қобда кенті тұсында 31 жастағы Өзбекстан азаматы жүргізіп келе жатқан Chevrolet Captiva көлігімен соғысқан.

Жол апатынан екі жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде өлген.

Жаралы екі жолаушы Қобда кентіндегі ауандық ауруханаға жеткізілген. Жол апатына байланысты Қазақстан полициясы қылмыстық іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG