Accessibility links

БҰҰ: Газа секторында қаза тапқандардың 70 пайызы - әйел мен бала


Газа секторын бомбалау. 31 қазан 2023 жыл.
Газа секторын бомбалау. 31 қазан 2023 жыл.

Газа секторында қаза болғандардң 70 пайызы – әйел мен бала. Бұл туралы Save The Children ұйымына сілтеме жасап, БҰҰ-ның палестиналық босқындар ісі бойынша Таяу Шығыс агенттігінің басшысы Филипп Лазарини мәлімдеді.

Лазаринидің сөзінше, Израильдің ХАМАС радикал тобымен 7 қазанда басталған соғысынан Газа секторының солтүстігінен оңтүстігіне 1 млн адам қашқан.

"Бірақ Израиль әскері – ЦАХАЛ Газаның оңтүстігін де бомбалап жатыр. Қазір Газа секторында қауіпсіз жер жоқ" деді ол.

Save The Children ұйымы Газада 7 қазаннан бері 3195 бала қаза тапқанын мәлімдеген. Ал Газа секторын бақылап отырған ХАМАС (АҚШ, ЕО мен Израильде террорлық ұйым деп танылған) аймақта 8300 адам қаза тапқанын, опат болғандардың 3400-і бала екенін айтқан.

ЮНИСЕФ басшысы Кэтрин Рассел Газада күн сайын 420-дан аса бала қаза табады я жараланады" дейді. Оның дерегінше, Батыс Жағалауда 37 бала, Израильде 30 бала қаза болған. ЮНИСЕФ "ХАМАС кемі 20 израильдік баланы кепілді ұстап отырғанын" айтады.

БҰҰ бұған дейін Газа секторын бомбалауды бірнеше рет сынаған.БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ХАМАС-тың шабуылын да, Израильдің Газа тұрғындарының "бәрін жазалап жатқанын" да сынаған. Ол "қақтығыс құрдан-құр шыққан жоқ" деген еді. Осыдан соң Израиль Гуттерриштің отставкасын талап етіп, БҰҰ қызметкерлеріне виза беруді тоқтатқан.

Израиль Газа секторын атқылауды тоқтатпайтынын мәлімдеген. Қазір ЦАХАЛ Газа секторына жермен операция бастауға дайындалып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG