Accessibility links

Ұлыбританияда "жасанды интеллект қауіпсіздігі" саммиті ашылды


АҚШ сауда министрі Джина Раймондо (сол жақта), Ұлыбританияның ғылым, инновация және технология министрі Мишель Донилан (ортада) және Қытай ғылым және технология вице-министрі Ву Джаоги (оң жақта).
АҚШ сауда министрі Джина Раймондо (сол жақта), Ұлыбританияның ғылым, инновация және технология министрі Мишель Донилан (ортада) және Қытай ғылым және технология вице-министрі Ву Джаоги (оң жақта).

АҚШ жасанды интеллектіге қатысты қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын институт ашады. Сәрсенбі күні Ұлыбританиядағы халықаралық конференция кезінде сөйлеген АҚШ сауда министрі Джина Раймондо осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды.

Институт жасанды интеллектіге қатысты қауіпсіздік, қорғаныш және жасанды интеллект модельдерін сынақтан өткізу бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу ісіне қатысады.

"Біз мұны жалғыз өзіміз жасай алмаймыз, жеке сектор да қадам жасауға тиіс" деді АҚШ сауда министрі Джина Раймондо. Ол британдық қауіпсіздік институтымен әріптестік орнататынын хабарлады.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен экономикасы, халық денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жасанды интеллект жүйесін жасаушыларды үкіметке сынақ нәтижелерін тексертуге міндеттейтін жарлыққа қол қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG