Accessibility links

Тәжікстанда әжесін билік өкілі ұрғанын айтқан азаматқа экстремизм айыбы тағылған


Сапаргүл Ғафурова
Сапаргүл Ғафурова

Тәжікстанда Вахдат қаласының тұрғыны Шахбоз Шарифбек бауырын әскерге күшпен алып кетіп, әжесін ұрып кеткенін әлеуметтік желілерге жазған. Артынша оның өзіне экстремизм айыбы тағылған.

Шахбоз Шарифбек бейнеүндеуді әлеуметтік желілерге 15 қазанда жариялаған. Желі қолданушылары биліктен биліктен жасы үлкен кісіге қол көтергендерді жазалауды талап ете бастаған.

Оқиға 14 қазанда Одили қышлағында болған. Сол күні жергілікті билік өкілдері Шахбоздың бауыры Содикжон Шарифбекті күшпен әскери комиссариатқа алып кеткен. Туыстарының айтуынша, Содикжон бұрын әскери комиссариатқа шақырту алмаған. Ақпаратқа қарағанда, туыстары Содикжон Шарифбекті әскерге әкетуге мүмкіндік бермеуге тырысқан.

Әлеуметтік желілерге видео жариялаған Шахбоздың үстінен 26 қазанда «экстремизмге үндеу» бабы негізінде іс қозғалғаны мәлім болды. Ол мұндай айыппен бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін. Ақпаратқа қарағанда, 26 қазанда сот Шахбоз Шарифбекті екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөзі Шахбоз Шарифбек сол оқиға жайлы видеоны жариялағаны үшін ұсталғанын растаған.

82 жастағы Сапаргүл Ғафурова күнде тергеу изоляторында отырған немересіне тамақ тасиды. Жергілікті билік өкілдері Сапаргүлге қол көтергені туралы видео 1 миллион астам рет көрілген.

Шахбоздың ісінде Вахдат қалалық прокуратурасы жүргізіп жатыр. Оған адвокат берілген-берілмегені белгісіз.

Сарашылардың кейбірі жас жігіттің ұсталуын оның Тәжікстан президентін сынағанымен байланыстырып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG