Accessibility links

Еурокомиссия Еуропада антисемитизм күшейіп бара жатқанын хабарлады


Парижде еврейлер тұратын үйлердің сыртына Дәуіт жұлдызын салып кетке. 2023 жылғы қазан.
Парижде еврейлер тұратын үйлердің сыртына Дәуіт жұлдызын салып кетке. 2023 жылғы қазан.

Кейінгі күндері бүкіл Еуропада антисемиттік сарындағы оқиғалар өршіп кетті. Ол "тарихтағы ең ауыр кейбір сәтті" еске салады. Бұл туралы Еуропа комиссиясының мәлімдемесінде айтылған.

"Германиядағы синагогаға өртенетін бөтелкелерді лақтырады, Франциядағы тұрғын үйлердің қабырғасына Дәуіт жұлдызын салады, Австриядағы еврей зиратын бүлдіріп, Испаниядағы еврей дүкендері мен синагогаларға шабуыл жасайды, демонстранттар еврейлерге жеккөрушілік ұрандар айтады" делінген хабарламада.

Еурокомиссия Еуропадағы еврейлер қайтадан қорқып өмір сүріп жатқанын айтты. Брюссель антисемиттік әрекеттерді айыптап, ЕО-дағы еврей қауымдастықтарына қолдау білдірді. Мәлімдемеде кез келген конфессия өкілі дін немесе болмысына байланысты зорлық-зомбылықтан қорқып өмір сүрмеуге тиіс делінген.

Еуропа еврей конгресі Парижде көше суретшілері Израильді қолдап, үйдің сыртына "Израиль халқы тірі!" ("Ам Израэль хай!") деген мурал салды. Бұған дейін бұл үйлерге алтыбұрышты жұлдыздарды салып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG