Accessibility links

АЭС салуға, киік атуға қарсы "Біздің құқық" ұйымының белсенділері Тоқаевқа арыз тапсырды


Белсенді Санавар Закирова (сол жақта бірінші) бастаған белсенділер президент әкімшілігіне арыз тапсырған сәт. Астана, 6 қараша 2023 жыл.
Белсенді Санавар Закирова (сол жақта бірінші) бастаған белсенділер президент әкімшілігіне арыз тапсырған сәт. Астана, 6 қараша 2023 жыл.

6 қарашада Астанада "Біздің құқық" тіркелмеген саяси партиясының лидері Санавар Закирова және бірнеше азаматтық белсенді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше талаппен арыз тапсырды. Белсенділер АЭС салуға, киіктерді атуға қарсы.

- Біздің үш талабымыз бар. АЭС-ті Қазақстанда салса, оны Ресей компаниясы салады дегенді естіп жатырмыз. Ешқандай озық технологиясы жоқ ел АЭС салса Қазақстан өлі аймаққа айналады. "АрселлорМитталТеміртаудың" қаза болған, зардап шеккен шахтерлеріне дұрыс өтемақы төлесін. Алдағы инвестор тек 49% үлесіне иелік етіп, қалғаны мемлекетте болсын. Киіктерді атуды тоқтатсын, оған негіз жоқ. Біз бірде-бір ауыл шаруашылығы қызметкерінің зардап шеккені туралы арыздың сотта қаралғанын немесе ауыл шаруашылығы шеккен зиян туралы аудиторлық есепті естіген жоқпыз, -дейді Санавар Закирова.

Тоқаевқа жазылған арызға жиырма шақты қоғам беслендісі қол қойған.

  • Қазақстанда АЭС салуды қолдайтындар мен наразылар дауы созылғанына бірталай болды. Президент Қасым -Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы шешімді бүкілхалықтық референдумда қабылдауды ұсынған, бірақ референдум өтетін күн әлі белгіленбеді. Билік АЭС салуға ресейлік "Росатом", қытайлық CNNC (China National Nuclear Corporation), кореялық KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power), француздың EDF (Électricité de France) компанияларының ұсыныстары қаралады деген. АЭС салынатын алаң ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы болатыны айтылған.
  • 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында апат болып, 46 шахтер қаза тапқан. Бұл шахтаға үндістандық миллиардер Лакшми Митталдың "АрселорМиттал" компаниясы иелік етеді. Апаттан соң Қазақстан билігі кен орнын Митталдан қайтарып алатынын жариялаған.
  • Қазақстан үкіметі "ауыл шаруашылығына зиянын тигізіп жатыр" деп елде киік атуға рұқсат берген. Экология министрлігі киіктер санын 20 пайызға азайтуды көзейді. Елде 2,6 млн киік бар. Экологтар билік киік атуға рұқсат берген күннің өзінде жануарларды барынша сақтап қалуға күш салғаны дұрыс деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG