Accessibility links

Америка медиаменеджері Стивен Капус Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясын басқарады


Стивен Капус
Стивен Капус

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" медиакорпорациясы директорлар кеңесі корпорация президентінің міндетін атқарушы лауазымына Стивен Капусты тағайындады. Ол бұған дейін CBS News және NBC News арналарында жоғары қызметте болған.

Журналистикада 40 жылдан астам істеген Капус 25 жылдай жетекші лауазымдарды атқарған. Шағын радиода диджей болып бастап, 2001 жылы NBC кешкі жаңалықтарының атқарушы продюсерлігіне, 2005 жылы NBC News президенттігіне тағайындалған. 2014 жылдан CBS News атқарушы редакторы.

"Компания тарихындағы маңызды сәтте Стивтің Азат Еуропа/Азаттық радиосын басқаруға келісім бергеніне өте қуаныштымыз, - деді Азат Еуропа/Азаттық радиосы директорлар кеңесінің өкілі Карен Корнблу. - Белгілі менеджер ретінде оның жаңалықтар индустриясында тәжірибесі зор екенін білеміз және біздің корпорациямыздың миссиясын терең түсінетініне сенеміз".

АҚШ телерадио таралым консультативті кеңесі бекіткенше Капус корпорация президенті міндетін атқарушы болып қала береді. Консультативті кеңестен соң АҚШ Конгресі бекітуі қажет.

Стивен Капус 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісуге тиіс. Корпорацияның бұған дейін Джейми Флай басқарып, биыл жазда қызметінен кеткен. Одан бері президент міндетін Джефф Гедмин атқарып келді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG