Accessibility links

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Залужныйдың көмекшісі Киев түбіндегі жарылыста өлген


Геннадий Частяковтың өлген жері
Геннадий Частяковтың өлген жері

Киев қаласының түбіндегі Чайка селосындағы жарылыста Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың көмекшісі, 39 жастағы майор Геннадий Частяков қаза болған.

Залужныйдың хабарына қарағанда, Частяков "өз туған күні отбасында" өлген. Туған күніне алған сыйлықтарды үйіне әкелгенде біреуі жарылған. Көмекшісі әрі досының өлімін Залужный өзі мен Украина қарулы күштері үшін "орны толмас қаза" деп атаған.

Частяковтың әйелінің сөзіне қарағанда, майор ішімдік бөтелкесі мен граната тәрізді рюмка салынған сый пакет әкелген. Пакетті ашқанда жарылған.

Украина ішкі істер министрі Игорь Клименконың мәліметіне қарағанда, Частяковқа жаңа үлгідегі граната салынған жәшік сыйға берілген.

"Әуелі гранатаны баласы алып, сақинасын айналдыра бастаған. Одан әкесі алып, сақинаны тартып қалып, жарылған", - деп мәлімдеді министр. Сыйлық берушінің кабинеті тінтілген.

"Украинская правда" басылымының мәліметіне қарағанда, жарылыстан Частяковтың 13 жасар ұлы жараланған. Частяковтың төрт ұлы бар.

  • Украина ішкі істер министрлігінің өкілі Марьяна Рева УНИАН агенттігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG