Accessibility links

Шахтада опат болған қырық алтыншы кенші денесінің қалдықтары табылғанын Қарағанды әкімдігі растады


Қарағанды облысының әкімдігі 7 қарашада шахтада опат болған 46-кенші денесінің қалдықтары толық табылып, жер бетіне шығарылғанын журналистерге хабарлады. Бұған дейін әкімдік апат орнынан табылған дене бөлшектері 46-кеншінікі болуы мүмкін екенін айтқан.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, денесі табылған 46-кеншінің аты-жөні Александр Прокудин.

- Денесі 6 қарашада табылып, жоғары шығарылды. Сараптама жасалды. Күні-түні іздестірілді. Сараптама жүргізілетіндіктен бірден хабарланбады, -дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кенші мен оның отбасын білетіндердің айтуына қарағанда, жексенбіде азалы рәсім өткізгенімен, денесі толық табылғанша жерлеуді кейінге шегере тұрған.

Бірер күн бұрын тағы бес шахтер жерленген, олардың да денесі сараптамадан кейін ғана танылған.

28 қарашаға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болған. Кеншілрдің көбі өз бетінше шыққан, Алты кеншіні құтқарушылар шығарған. 46 кенші өліп, 18 кенші жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG