Accessibility links

Қазанда татар жастарының "Азатлык" ұйымы Татарстан конституциясының құрметіне акция өткізді


Татар жастарының "Азатлык" одағы 6 қарашада Қазан қаласында Татарстан конституциясы құрметіне акция өткізді. Ұйым жетекшісі Наил Набиуллинаның сөзіне қарағанда, Татарстан конституциясының сегізінші бабы жазылған бес мың парақша мен бес мың жалауша таратылған.

- 1992 жылы қабылданған Татарстан конституциясы - Татарстан мен татар халқының жаңа тарихындаңы аса маңызды бет болып саналады, - деді Наиль Набиуллин.

Оның сөзінше, "Азатлык" бұл акцияны 2009 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді.

- Негізгі мақсаты - татар халқының ұлттық сана-сезімін көтеру және конституция күнін естеріне түсіру. Мемлекеттік татар тілінде қабылданған конституция көп жайттың ізашары болды. Өкінішке қарай республиканың негізгі заңының осы нормасы әлі күнге "ұйықтап жатыр", Татарстан мемлекеттік органдары оны жүзеге асыруға асығар емес. Сондықтан біз татар тілі мен орыс тілі тең құқылы екенін және теңдей қолданылатыны көрсетілген 8-бабын еске салуға тырыстық,- деді Набиуллин.

Ол Татарстан конституциясының көптеген нормалары іс жүзінде орындалмайтынына қынжылды.

- Республика басшылығынан батыл қадам талап етеміз. Барлық мектептерде татар тілін міндетті түрде оқытуға қалпына келтіріп, татар тіліндегі толыққанды білім жүйесін: балабақша, мектеп, ұлттық университет жасауды, Татарстан президенті институты мен конституциялық сотты қалпына келтіруді талап етеміз. Татар тілі республикада орыс тілімен қатар қолданылуға тиіс, - деді Набиуллин.

Осыдан 31 жыл бұрын қабылданған Татарстан конституциясы бүгінге дейін әлденеше рет өзгерген. 1990 жылдан бастап өзін "Ресейге өз еркімен қосылған" дербес республика ретінде көрсетіп келе жатқан Татарстан 2023 жылы бұл статусынан айырылып қалған. Бұл өзгерістер бойынша Татарстанның президенті болмайды, егемендігі де жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG