"Полиция келіп, басты ұйымдастырушыны шақырып, бізді басқа жаққа алып кетті. Бізге Зюганов келді, Мавзолейге гүл қою рәсімі кезінде тілегімізді айтамыз деп келістік", - деді акцияға қатысушының бірі.
Соғысқа аттанғандардың әйелдері әлеуметтік желі арқылы жиі үндеу жасап, күйеуін қайтаруды талап етіп жатады.
Ресейде былтыр күзде Украинадағы соғыста жауынгер жетпей жатқаны туралы хабар тараған шақта мобилизация жарияланған. Ресми мәлімет бойынша, шамамен 300 мың адам әскерге алынған.
Кейбір бөлімшелер қандай да бір дайындықсыз украин әскерінің қарымта шабуылын қайтаруға бірден жіберілген. Мобилизацияланғандардың кейбірінің туысы соғыста жүрген жақындарына азық-түлік, әскери киім жетіспей жатқандығын, соғысқа баулымайтынын айтқан. Журналист-зерттеушілердің мәліметінше, мобилизацияланғандар арасында адам шығыны жоғары.
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Ресей билігі тағы мобилизация жариялауы мүмкін деп мәлімдеген. Бұл ресми түрде терістелді. Билік бірінші мобилизация болғатынын да жоққа шығарған еді.
ПІКІРЛЕР