Accessibility links

Өзбекстанда синагога мен еврей қауымдастығының мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Таяу Шығыста жағдай ушыққан шақта ресми Ташкент Өзбекстандағы Израиль елшілігі, синагога мен өзге де еврей қауымдастығының мекемелерінде қауіпсіздікті күшейткен.

Өзбекстанда еврей синагогаларын ұлттық гвария қызметкерлері тәулік бойы күзетіп тұр.

"Мемлекет синагогалардың маңына күзет қойды. Ұлттық гвардия сақадай сай тұр. Жұрт тыныш, келіп, сиынып жатыр. Ешқандай мәселе жоқ" деді Ташкенттегі синагога қызметкерлерінің бірі Азаттықтың Өзбек қызметіне.

Қоқан қаласындағы еврей зираттарының маңына да милиция бекеттері қойылған.

"Зират маңында милиция бекеттері тұр. Жағдай қалыпты. Ешқандай вандализм болмады. Милиционерлер түнде де күзетіп тұр" деді жергілікті зираттардың біріндегі күзетшілердің бірі.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі кезде Өзбекстанда он синагога істеп тұр: үшеуі – Ташкентте, Самарқан мен Бұқараның әрқайсысында екі синагогадан бар. Қалған синагогалар Қоқан, Марғылан, Әндіжанда орналасқан.

Еврей қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, олар Өзбекстанда ешқашан семитизмге қарсы сипаттағы қоқан-лоқы байқамаған.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 1926 жылы – 18 172 еврей тұрған, 1989 жылы – 28 369, Бұқарада 4200 еврей тұрған.

Өткен ғасырдың 90-жылдары олардың көбі АҚШ, Израиль және Еуропа елдеріне қоныс аударған.

Өзбекстанның өнер және мәдениет қайраткерлерінің арасында еврейлер аз емес. Берта Давыдова, Мариям Якубова, Ысқақ Катаев және Махаббат Шамаеваның шығармашылғы әрбір өзбек отбасына таныс. Өзбекстандағы танымал әншілер Израиль мен Америкадағы еврейлердің үйлену тойларына жиі қатысады.

XS
SM
MD
LG