Accessibility links

Байден Нетаньяхудан әскери қимылдарды уақытша тоқтатуды сұрағанын растады


АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньягу
АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньягу

АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудан Газа секторындағы әскери қимылдарды уақытша тоқтатуды сұрағанын растады. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Сейсенбі күні Axios басылымы Америка және Израиль шенеуніктеріне сүйене отырып, Байден дүйсенбі күні Нетаньяхумен телефонмен сөйлескен уақытта кепілдегі адамдардың бір бөлігін босату үшін оқ атуды үш күнге доғаруды сұраған деп жазды.

Axios мәліметінше, АҚШ, Израиль және Катар ортақ жоспар талқылап жатыр. Ол бойынша ХАМАС үзіліс кезінде кепілде отырғандардың кімдер екенін анықтап, нақты тізім дайындайды, сонымен бірге кепілдегі 10-15 адамды босатады.

Алайда Нетаньяху мұндай жоспарға қарсы шығып, ХАМАС-қа сенбейтінін айтқан, деп жазды Axios.

7 қарашада Израиль премьер-министрі ХАМАС-та кепілде отырған адамдардың бәрі босатылмайынша бітім болмайды деп мәлімдеген.

ХАМАС бақылауындағы Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сектор аумағында 10 мыңнан астам адам қаза болған. Мәліметті тексеру мүмкін емес.

Израиль жағында 1400 адам қаза болды. 241 адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG