Accessibility links

Ресейде жалдамалы әскер мен еріктілер соғыс біткенше үйлеріне қайтпайды


Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс туралы жазатын ресейлік блогерлер және ақпарат құралдарымен кездесу кезінде соғысқа қатысып жатқан жалдамалы әскери қызметкерлер мен еріктілер соғыс аяқталғанша үйлеріне қайтпайды деп мәлімдеді. Бұл тұста олардың қорғаныс министрлігімен жасаған келісімшарттары немесе мобилизация мерзімі есепке алынбайды.

Бұл жөнінде кездесуге қатысқандардың бірі Александр Сладков хабарлады. Кездесудің ресми стенограммасы жарияланбады.

"Сибирь.Реалии" басылымының жазуынша, жалдамалы әскери қызметкерлерді жібермеу мобилизацияның аяқталғаны туралы жарлықтың жоқтығымен байланысты болуы мүмкін. Сол жарлықпен қатар қорғаныс министрлігімен келісімшарты күшінде әскери қызметкерлерге әскери қызметті тастап кетуге тыйым салынған. Президенттің сөзінше, әскери қимылға қатысушылар жөнінде сөз болып отырған жоқ.

Әскери қызметтен кетуге жарақат немесе науқас болуы, белгілі бір жасқа жетуі немесе үйде үшінші баланың дүниеге келуі негіз бола алады.

  • Қыркүйекте мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі төрағасы Андрей Картаполов соғысқа алынғандар арасында ротация болмайтынын айтқан. Демек бұл соғысқа алынғандар әскери қимыл аяқталғанға дейін сол жақта болуға міндетті дегенді білдіреді. Бұған соғысқа алынғандардың туыстары мен жақындары наразы болған.
  • Жуырда Мәскеуде соғысқа алынғандардың туыстары шамамен 20 әйел қала орталығында пикетке шығып, жақындарын соғыстан қайтаруды талап еткен.
XS
SM
MD
LG