Accessibility links

Ресейде полиция Қазақстан азаматтығы бар жергілікті басылым тілшісін ұстады


Ресейдің Пермь қаласында полиция жергілікті Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненконы ұстады. Бұл жөнінде басылымның өзі хабарлады.

Properm.ru сайтының жазуынша, Иваненкода Қазақстан азаматтығы бар. Ресейде тұрып келе жатқанына 8 жыл болған. Ұсталмай тұрып журналист ықтиярхатының күші жойылғаны жөнінде хабарлама алған.

"Владислав Иваненко бұрын-соңды әкімшілік не қылмыстық жауапқа тартылмаған. Properm.ru редакциясы ішкі істер министрлігінің Пермь өлкесі бойынша бас басқармасының өтінішінде көрсетілген – ықтиярхат күшінің жойылуына негіз болған жайттар ойдан құрастырылған деп санайды. Одан бөлек, шешімге қатысты заңмен белгіленген мерзімде шағым түсірілген. Құқық қорғау органдарының әрекеті заңсыз, артық деп есептейміз және қызметкер мен редакцияға қысымды тоқтатуды талап етеміз" деп жазылған редакция мәлімдемесінде.

Пермь өлкесі бойынша бас басқармасы журналистің ықтиярхатын не үшін жарамсыз еткені белгісіз. Басылым хабарламада бұл тұсын нақтыламаған.

Редакция өкілдері Иваненкомен байланыс үзілгенін айтып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG