Accessibility links

Қырғызстаннан Ресейге ұрлап әкетілген белсенді ФСБ қызметкерлері өзін ұрып-соққанын айтты


Лев Скорякин
Лев Скорякин

Қазан айында Қырғызстаннан Ресейге күштеп әкетілген "Левый блок" қозғалысының жетекшісі, оппозициялық белсенді Лев Скорякин Мәскеудің "Домодедово" әуежайында өзін ФСБ қызметкерлері ұрып-соққанын айтты. Ол қазір Мәскеуде тергеу абақтысында отыр. Бұл жөнінде Скорякиннің адвокаты Евгений Григорьевке сүйенген "Медиазона" басылымы жазды.

Белсендінің сөзінше, ФСБ қызметкерлері "Домодедово" әуежайында оны терезесіз, видеокамера орнатылмаған бөлмеге кіргізіп жұдырықтаған. ФСБ өкілдері одан телефоны мен ноутбугын ашуды талап етіп, Ресейден кетуге кім көмектескенін сұраған. Белсенді өзін денесінде із қалмайтындай ұрып-соққанын айтты.

23 жастағы Лев Скорякин мен әріптесі Руслан Абазов 2015 жылы құрылған, солшыл көзқарастағы азаматтарды біріктіретін “Солшыл қарсылық” қозғалысына мүше. Ресейдің ішкі істер министрлігі оларға 2021 жылы Федералдық қауіпсіздік қызметі ғимаратының жанында от жағып, оппозициялық мазмұнда плакат ұстап, “Чекистер күнімен!” деп ұрандағаны үшін іздеу жариялаған.

17 қазанда Қырғызстанның арнайы қызметі Скорякинді Бішкекте ұстап, ресейлік әріптестеріне тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG