Accessibility links

Әлем елдерінде палестиналықтарды қолдау акциясы өтті. Ең ірісі Лондонда болды


Израиль армиясының Газа секторында әскери операциясы жалғасып жатқан шақта сенбі, 11 қарашада әлемнің көптеген елінде палестиналықтарды қолдау акциясы өтті. АҚШ пен Еуроодақта террористік ұйым деп танылған ХАМАС тобы 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200 адам қаза болған: басым бөлігі – бейбіт тұрғындар. Шамамен 250 адамды ХАМАС ұстап, кепілдікте ұстап отыр. Ізінше Израиль Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастаған. Соғыс басталғалы бері бірнеше мың адам қаза болғаны айтылады.

Сенбі күні палестиналықтарды қолдау акцияларының ең ірісі Лондонда өтті. Ол жақта полицияның мәліметінше, шараға 300 мыңдай адам қатысқан. Шамамен 150 радикал наразы ұсталған.

11 қарашада Ұлыбританияда соғыс құрбандарын еске алу күні күні атап өтіледі. Оған өзгелермен қатар мигранттарға қарсы әсіреоңшыл көзқарас ұстанатын адамдар қатысқан. Полиция қатысушылар арасында жанжал туындап, ондаған адамды ұстаған.

Мыңдаған адам қатысқан палестиналықтарды қолдау акциясы Нью-Йоркте де өткен. Оған қатысушылар The New York Times басылымының кеңсесіне Газа секторындағы ақпараттарды таратудағы "үстірттігі үшін" бояу төккен. Наразылар орталық вокзалдың ғимаратына басып кіруге тырысқан. Алайда полиция оларды тоқтатқан.

Палестиналықтарды қолдау шарасы АҚШ президенті Джо Байденнің туған жері Делавэр штатындағы Байден резиденциясы алдында да өткен.

Палестиналықтарды қолдау шарасы сонымен бірге ОАР, Ирладия мен Францияда да болған.

Нидерландыда акцияға қатысушылар Газада қаза болған азаматтардың аты-жөндері жазылған тізімді (бұл тізімді ХАМАС-қа қарайтын денсаулық сақтау министрлігі) алып шыққан. Бельгияда палестиналықтарды қолдайтын белсенділер Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяхудың отставкасын талап еткен.

XS
SM
MD
LG