12 қарашада кешке Астанадағы "Гастро-орталық" директоры Салатанат Нүкенованың өлімі жөніндегі іс бойынша "қылмысты жасыру" күдігімен қамауға алынғаны мәлім болған. Бұл іс бойынша бұрынғы эконмика министрі Қуандық Бишімбаев қамалған.
Мұнан өзге Астана полиция департаменті "қылмысты хабарламау" және "қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Мұны ведомствоның баспасөз қызметі хабарлаған.
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев Астана сотының шешімімен "Адам өлтіру" бабы бойынша екі айға қамалған.
Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген. 31 жастағы әйелі Астана ресторандарының бірінде қатыгездікпен ұрып-соғудан өлген.
БҰҰ мәліметіне қарағанда, Қазақстанда жыл сайын 400-ге жуық әйел зорлық-змбылықтан өледі.