Accessibility links

Израиль әскері Газада ХАМАС-қа тиесілі бірнеше мекемені басып алғанын мәлімдеді


Газада жүрген Израиль әскерилері. Израиль қорғаныс министрлігі таратқан суре. 14 қараша 2023 жыл.
Газада жүрген Израиль әскерилері. Израиль қорғаныс министрлігі таратқан суре. 14 қараша 2023 жыл.

Израильдың қорғаныс әскері Газа секторындағы ХАМАС радикал тобына тиесілі бірнеше ғимаратқа бақылау орнатқанын мәлімдеді. Олардың қатарында ХАМАС-тың (АҚШ, ЕО, Израильде террорлық топ деп танылған) "заң шығару кеңесінің", радикал топтың "басқару кешенінің" ғимараттары, полиция штаб-пәтері бар.

Бұған қоса, Израиль әскері Газадағы бір университеттің инженерлік факультетінің ғимаратын, ХАМАС тобының жаттығу базасын да басып алғанын айтады. Израильдіктер "ХАМАС инженерлік факультетті қару жасауға пайдаланған" дейді.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы 36 медициналық мекеменің 22-сі жұмысы тоқтап тұр деп мәлімдеді. Ал 14 ауруханада "қажетті материалдар жетіспей жатқанын" айтады. ДДСҰ тараптарды тез арада атысты тоқтатуға шақырды.

Израиль әскері Газадағы секторға қажетті құралдар мен мобильді инкубаторлар жеткізуге, Газада дүниеге келген сәбилерді Израильдег ауруханаларға апаруды ұсынды. "Газадағы ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі бұл ұсынысқа келіскенімен, процесті бастау механизмі жоқ" деп жазады ВВС сайты.

Израиль полициясы ХАМАС радикал тобының мүшелерінің 7 қазандағы терактісі кезінде адамдарды зорлаған фактілерін тексеретінін мәлімдеді.

7 қазанда ХАМАС пен "Исламдық жихад" радикал топтары Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Израильде 1400 адам қаза тауып, содырлар шамамен 250 адамды Газаға күштеп алып кеткен. Бұған жауап ретінде Израиль ХАМАС тобына соғыс жариялап, Газаға әуеден шабуыл жасады. Қазан айының соңында Израиль қорғаныс армиясы сектор аумағына кіріп, жермен шабуыл бастаған.

ХАМАС бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, Израиль шабуылынан 11 мыңнан аса адам қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG