Accessibility links

Армения премьер-министрі Пашинян Минскіде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартты


Армения премьер-министрі Никол Пашинян
Армения премьер-министрі Никол Пашинян
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Минскіде 23 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатыспайды. Бұл жөнінде армян үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пашинян саммитке қатыспайтынын Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенде айтқан. Армения премьер-министрі "ҰҚШҰ-дағы әріптестері бұған түсіністікпен қарайтын шығар" деп үміттенетінін жеткізген.

Армения 2009 жылдан бері алғаш рет ҰҚШҰ саммитінен бас тартып отыр.

Бұған қатысты Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Пашинянның қатыспау жөнінде шешімінен хабарсыз екенін айтты. "Егер солай болса, өкінішті" деді Песков.

Осыған дейін Армения премьер-министрі Ереван Ресейдің әрекетінен кейін қауіпсіздік саласына қатысты өзге елдермен әріптестік орнатуды қарастырады деп мәлімдеген.

Ол Мәскеу Таулы Қарабаққа қатысты жанжалды реттеуге көмектесе алмады деді.

Былтыр қараша айында Ереванда өткен ҰҚШҰ саммитінде Никол Пашинян Арменияға бірлесіп көмек көрсету жөніндегі декларацияға қол қоюдан бас тартқан. Армения жағы құжатта "армян-әзербайжан шекарасындағы жағдайға наұты саяси баға берілмегенін" мәлімдеген.

  • Халықаралық құқық бойынша, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері. Аймақ 1990 жылдардағы соғыстан кейін Ереван қолдауына ие жікшіл армяндардың қолында еді. Үш жыл бұрынғы алты апталық соғыста Әзербайжан аймақтың едәуір бөлігін бақылауына алған.
  • Бірақ Әзербайжан мен Армения бейбіт келісімге қол қоймаған. АҚШ, Еуроодақ және Ресей арасында келіссөз әзірге нәтиже әкелген жоқ.
  • Биыл қыркүйекте Әзербайжан армян күштерін әзербайжан нысандарын атқылады деп айыптап, терроризмге кінәлаған. Бір күннен соң мойындалмаған республика билігі Баку шарттарымен келіскен.
  • 28 қыркүйекте мойындалмаған республиканың құрылымдары өз-өзін тарататынын жариялады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG