Accessibility links

"Әйел зорлады" деп күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы екі айға қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Әйел зорлады" деп айыпталған Талдықорған қаласы полициясының бастығы Марат Күштібаев екі айға қамалды, деп хабарлады ҚазТАГ.

"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, 14 қарашада сот қаулысымен К. есімді күдікті екі айға қамалды" деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев облыстық орталықтың 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілініп, ұсталған.

Күштібаевтың өкілдері және туыстары ақпарат құралдарына шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG