Accessibility links

Израиль Газадағы Әл-Шифа ауруханасында әскери операция жүргізіп жатыр


Газадағы Әл-Шифа ауруханасындағы операцияға қатысып жатқан израильдік әскери. Израиль тарабы таратқан сурет. 15 қараша 2023 жыл.
Газадағы Әл-Шифа ауруханасындағы операцияға қатысып жатқан израильдік әскери. Израиль тарабы таратқан сурет. 15 қараша 2023 жыл.

Израильдің қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасында "ХАМАС радикал тобы тығылып отырған жерлеріне мақсатты операция" жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

15 қарашада ЦАХАЛ бейбіт тұрғындармен емес ХАМАС содырларымен қақтығысып жатырмыз деді. Израильдік әскерилер ауруханадан жаппай эвакуация жүргізіп жатқанын, аурухана басшылығымен байланыста отырғанын айтады. Бұл операцияға араб тілін білетін медқызметкерлер мен адамдар қатысқаны айтылды.

«Олар мұндай қиын жағдайда жұмыс істеу үшін, ХАМАС тірі қалқан ретінде пайдаланып отырған бейбіт тұрғындарға зиян тимес үшін арнайы дайындықтан өтті» дейді ЦАХАЛ.

Израиль әскері бір күн бұрын Газа секторын бақылап отырған ХАМАС тобына (АҚШ, ЕО, Израильде террористік ұйым деп танылған) 12 сағаттың ішінде Әл-Шифа ауруханасынан шығуды талап еткен. Бірақ бұл талап орындалмады.

Қазір Газадағы ең ірі аурухана саналатын Әл-Шифада қанша адам барын нақты айту қиын. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сондағы қызметкерлері аурухана 4100 адам (700 науқас, 400 қызметке және шабуылдан қашқан 3000 бейбіт тұрғын) барын айтады.

Бір күн бұрын ХАМАС-тың бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі Әл-Шифада 2300 адам бар (600-650 науқан, 200-250 қызметкер және жарты мыңдай бейбіт тұрғын) деген.

Қақтығыс жағдайында бұл деректерді тексеру қиын.

Израиль мен АҚШ Әл-Шифа ауруханасының астында ХАМАС-тың бөлімшесі бар деп айтады.

15 қарашада Израиль қорғаныс әскерінің өкілдері рейдке қарамастан Әл-Шифа ауруханасына инкубаторлар, дәрі-дәрмектер мен балаларға арналған тағамдарды жеткіздік деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG