Accessibility links

Джо Байден және Си Цзиньпин Калифорнияда келіссөз жүргізіп жатыр


Қытай басшысы Си Цзиньпин . 15 қараша 2023 жыл.
Қытай басшысы Си Цзиньпин . 15 қараша 2023 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кейінгі жылдары алғаш рет кездесті. Байден Қытай басшысын Сан-Францисконың оңтүстігінен 48 шақырым жердегі Филоли поместьесінде жылы қарсы алды.

Reuters-тің хабарлауынша, екі басшы арасындағы келіссөз екі алып держава арасында қарулы қақтығыс, есірткі саудасы және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша қайшылықты біршама бәсеңдетуге ықпал етуі мүмкін.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, саммитің мақсаты – Вашингтон мен Пекин арасында, оның ішінде АҚШ пен Қытай әскері арасындағы қалыпты байланысты қалпына келтіру мақсатында екі ел әскери ведомстволары арасындағы байланыс арналарын жандандыру.

Екі саясаткер келіссөзден кейін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтыматастығы саммитіне қатысады.

XS
SM
MD
LG