Журналист-зерттеушілер ашық дереккөздерге сүйене отырып, Украинадағы соғыста қаза болған 37 052 адамның аты-жөнін анықтады. Есепте журналистер жергілікті билік және қаза болғандардың туыстары жариялаған некрологтар, әскери қызметкерлердің қабірлеріне жазылған жазу, жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенген.
Соғыс басталғалы бері мұндай зерттеуді "Медиазона" мен BBC-дің Орыс қызметі жүргізіп келеді. Соңғы рет зерттеу қорытындысы екі апта бұрын жарияланған. Осы уақыт аралығында тізімге 1272 жаңа есім қосылған. Күзде әскери қызметкерлердің өлімі жайлы хабар 25-38 пайызға жиі түсіп жатыр. Зерттеушілер мұны Донецк түбіндегі Авдеевка ауданындағы ауыр шайқастармен байланыстырады.
Екі апта ішінде майданда подполковник және одан да жоғары қызметтегі 14 аға офицер қаза болғаны белгілі болды. "Медиазонаның" жазуынша, Ресей жоғары лауазымды офицерлері арасында осыған ұқсас шығын былтыр жазда байқалған. Редакция мұны украин әскерінде америкалық ATACMS ракетасының пайда болуы және Ресей әскерінің украин нысандарына штурм талпынысымен байланыстырады.