Accessibility links

Путин Петербургтегі мәдени форумда: ЛГБТ да қоғамның бөлшегі


Брюссельдегі акция.
Брюссельдегі акция.
Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургтегі мәдени форумда ЛГБТ өкілдерін қолдай сөйледі. Оның алдында бірер сағат бұрын Ресей әділет министрлігі "халықаралық ЛГБТ қоғамдық қозғалысын" экстремистік ұйым деп тануды ұсынған.
Форум кезінде халықаралық кинематография байқауларында жеңу үшін, мысалы "Оскарды" алу үшін автор ЛГБТ-ны қолдауға міндетті деп мәлімдеген серб режиссері Эмир Кустурица Путинге сұрақ қойған.
"Күтпеген нәрсе айтайын: олар да, аталған тақырыптар мен адамдар да жеңуге, көрсетуге, айтуға құқығы бар. Себебі олар қоғамның бөлшегі. Егер олар қандай да бір байқауларды жеңсе – сол жаман. Бірақ бұл теңдікке деген талпыныс.... тепе-теңдік барлық жерде, оның ішінде мәдениет саласындағы байқауларда болуға тиіс" деді Путин.
17 қарашада Ресей әділет министрлігі Жоғарғы соттан "халықаралық ЛГБТ қоғамдық қозғалысын" экстремистік ұйым деп тануды сұрады. Министрлік қандай дерекке сүйеніп, ұйымды "халықаралық қозғалыс" деп санайтынын нақтыламаған.
Ресейде "ЛГБТ-ны үгіт-насихаттауға" заңмен тыйым салынған. Ресей соттары ЛГБТ қауымдастықтарына қатысты кез келген мәлімдемені заңбұзушылық деп таниды. Аталған заңға Путин 2022 жылы желтоқсанда қол қойған. Ресей сотының тәжірибесіне сүйенсек, кез келген адам Петербургтегідей Путин сияқты сөйлесе оған жеке тұлға ретінде 200 мың рубль көлемінде немесе лауазымды тұлға ретінде 400 мың айыппұл салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG