Accessibility links

OpenAI бас директоры, ChatGPT-ді жасаушы жұмыстан қуылды, директорлар кеңесінен кетеді


Сэм Альтман
Сэм Альтман

ChatGPT чат-ботын жасаушы Сэм Альтман OpenAI бас директорлығынан кетеді. Бұл жөнінде америкалық компанияның директорлар кеңесі хабарлады. Альтман директорлар кеңесінен де кетеді.

Мұндай шешім тексерістен кейін қабылданған. Компания директорларының айтуынша, Альтман "олармен үнемі шыншыл бола бермеген". "Басқарма оның OpenAI-ды бұдан әрі қарай басқара алатындығына сенбейді" деп жазылған хабарламада.

"OpenAI миссиямызды яғни, жасанды интеллект бүкіл адамзатқа пайдалы болуы керек деген мақсатта құрылды. Басқарма осы миссияны орындауға дайын" деді директорлар кеңесі. Олар Альтманға "OpenAI-ді құруға және дамытуға қосқан үлесі үшін" алғысын білдірген.

Альтманның міндетін уақатша технология жөніндегі директор Мира Мурати атқармақ.

OpenAI америкалық компания OpenAI машинаны үйретуге негізделген технологияны дамытумен айналысады. Компанияны 2015 жылы бірнеше кәсіпкер, арасында Илон Маск (директорлар кеңесі құрамынан 2018 жылы шыққан) пен Сэм Альтман да бар, құрған.

XS
SM
MD
LG