Accessibility links

Тәжікстан Қытайдың телекоммуникация желілеріне қосылу жоспарын жариялады


Тәжікстан Қытайдың телекоммуникация желілеріне қосылу жоспарын жариялады. Кейінгі жылдары Пекиннің ықпалы артып бара жатқан Тәжікстанда Душанбенің түсіндіруінше, таулы аудандарда интернет сапасын жақсарту қажет. Бұл жоба сол үшін керек.

Тәжікстан әлем бойынша интернет жылдамдығы өте нашар елдердің бірі. Тұтас трафик мемлекеттік монополист бақылауындағы орталықтан өтеді.

Мемлекеттік "Ховар" ақпарат агенттігінің мәліметінше, жоба Душанбені Қытай шекарасындағы қаламен жалғайтын автомагистраль құрылысымен қатар жүзеге асады.

"Ховар" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған жоба "ғаламдық интернет желісіне" қосылу үшін жылдамдығы жоғары "халықаралық оптика-талшық байланыс желісін құруға көмектеседі" және республиканы "коммуникациялық оқшаулықтан" құтқарады.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2017 жылы тәжікстандықтардың тек 22 пайызы интернетке қосылған. Басты себеп – интернет тарифінің тым қымбат болуы. Бұған қоса, елде интернет белсенділікті мемлекет қатаң қадағалайды: "Шекарасыз тілшілер" ұйымының жазуынша, елде негізгі жаңалықтар сайты мен платформалар үнемі бұғатталады.

Қытайда әлемдегі ең ірі онлайн-цензураның аппараты орныққан. Онда батыс ақпарат құралдары мен плафтормалары жабық.

XS
SM
MD
LG