Accessibility links

Республикалық трассаларда ауа райына байланысты қойылған шектеу алынды


Республикалық трассалардың бірі. Көрнекі сурет.
Республикалық трассалардың бірі. Көрнекі сурет.

Республикалық трассаларда ауа райына байланысты қойылған көлік қозғалысына шектеу алынды, деп хабарлады "ҚазАвтожол". Сенбі күні кешке қарай ауа райының суытуына байланысты (боран, қар, жолдың көрінбеуі) Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар 27 автожолда шектеу қойылған еді.

"Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды" деп жазылған "ҚазАвтожол" хабарламасында.

Автомобиль жолдары ұлттық операторының хабарлауынша, линияда 220 арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеген.

"Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды" деп жазылған хабарламада.

Сенбі қарай кешке кейбір телеграм-арналар кейбір жолдарда қар борап, жолдың көрінбей қалғаны туралы видео да таратқан.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфера фронтына байланысты ауа райы тұрақсыз болады – қар, жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағандының солүстігінде, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, шығысында 30 секунд/метр боран соғуы ықтимал.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG