Accessibility links

Париж аукционында Напалеон Бонапарттың шләпісі сатылған


Париж аукционында француз императоры Напалеон Бонапарттың шләпісі 1 миллион 900 мың еуроға сатылған.

Маңдайшасы шалқадан қайырылған қара шләпі аукцион алдында 600-800 мың еуроға бағаланған.

Напалеонның 120-ға жуық шләпісі болған, сарапшылардың бағасына қарағанда оның 20-ға жуығы сақталған. Көбі жеке коллекцияларда тұр. Шләпі-бикорн 19 ғасырда өмір сүрген француз қолбасшысы, мемлекет қайраткерінің символдарының бірі болған.

Жексенбіде Osenat аукционында берілген баға бұған дейінгі аукциондардың бағасынан асып түскен. Шләпімен қатар бірнеше естелік заттар да саудаға шыққан. Оның ішінде 1815 жылы Ватерлоо шайқасынан жеңілген соң Напалеонның каретасынан ұрланған күміс тәрелке, Напалеонның ағыш орындығы мен сақал қырғышы, күміс тіс жуғыш щетка, қайшы бар деп хабарлайды Би-би-си.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG