Қырғызстаннан Қазақстанға қарай өткізетін "Ақ тілек" бақылау-өткізу пунктіне жүк көліктері жиналып қалған. Қырғызстан шекара қызметінің хабарына қарағанда, 20 қараша, сағат 11 кезінде жүк көліктерінің саны 500-ге жеткен, ал өткен тәулікте "Ақ тілек" арқылы 280 жүк көлігі Қазақстанға өткен.
Қырғызстан шекара қызметі жүк көліктерінің бұлай жиналғанын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты күрт көбейетін маусыммен байланыстырған. Ведомствоның хабарына қарағанда, мал мен тез бұзылатын азық-түлік тиеген жүк көліктері кезексіз жіберіліп жатыр.
Биыл қазан айының соңында да "Ақ тілекке" жүк көліктері көп шығарланған болатын. Қырғыз шекара қызметі ол кезде де ауыл шаруашылығы жиын-терімі аяқталып, экспорт күшейгені себеп деп түсіндірген.
Тамыз айында екі елдің төрт бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктері жиналып қалған еді. Ол мәселені Еуразия экономика комиссиясы зерттеген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел шекарасындағы жағдайды реттеу жөнінде үкіметке тапсырма берген.
ПІКІРЛЕР