Accessibility links

Түркияда Душанбе өтініші бойынша екі тәжік азаматы ұсталды


Фотима Гиесова және оның ұлы Махмадулло
Фотима Гиесова және оның ұлы Махмадулло

Түркияда Душанбенің өтініші бойынша ұсталған тәжікстандықтарды еліне экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 44 жастағы Фотима Гиесова мен оның 19 жастағы ұлы Махмудулло Дониерзода 17 қазанда ұсталған. Тәжікстанда оларға 2016 жылы Сириядағы соғысқа қатысты айып тағылып, іздеу жарияланған. Қамалғандар бұл айыпты мойындамайды.

Жақындарының айтуынша, екі апта бұрын Түркия соты оларды босату туралы адвокаттың өтінішін қабылдамаған. Сот бұл шешімін Тәжікстан билігі тарапынан іздеуде екенін және қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқанымен түсіндірген.

Гиесованың Венгрияда тұратын екінші ұлы Иброхим Дониерзода туыстарының ешқайсысы Сирияда болмағанын, тәжік билігі оларды дәлелсіз Интерпол іздеуіне қосып қойған дейді.

2022 жылы ол да Венгрияда Душанбе өтініші бойынша ұсталып, қайта босатылған екен.

Бұл отбасы 2015 жылдан бері Түркияның Стамбулға жақын орналасқан Кожаэли провинциясында тұрады және бұл елде тұрақты тұру құқығына ие.

2014-2017 жылдары Түркия арқылы Тәжікстанның 2 мыңға жуық азаматы Сирия мен Иракқа барып, "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қатарында соғысқа қатысқаны хабарланған. Олардың көбінің тағдыры бүгінгі күнге дейін белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG