Болгарияда шоғырланған Түркімен Хельсинки қорының жетекшісі Тәжігүл Бегмедова 22 қарашада Стамбул әуежайына келгенде қайта Болгарияға депортацияланған.
Құқық қорғау ұйымы сайтындағы ақпаратқа қарағанда, оған Түркияға кіруге бес жылға тыйым салынған.
Бегмедова Стамбулға 21 қарашада келіп, ол жерден Бішкекке ұшып, адам құқықтары бойынша деректі фильмнің "Бір дүние Қырғызстан 2023" халықаралық фестиваліне қатысу керек болған.
Әуежайда паспорттық тексеру кезінде оны елге кіруге тыйым салынған адамдардың бөлмесіне алып кеткен. Құқық қорғаушының саусақ іздері алынып, суретке түсіріліп, заттары тәркіленген.
Түркия билігі құқық қорғаушыны кіргізбеу себебін "ұлттық қауіпсіздіктен туындаған сақтық шаралары" деп түсіндірген.
Бегмедова Түркіменстандағы адам құқықтары мәселесін көтеріп, Түркиядағы түркімен мигранттарына заңдық көмек көрсетіп келеді.
Соңғы уақытта Түркия түркімен белсенділері үшін қауіпті мекенге айналып барады.
ПІКІРЛЕР