Accessibility links

Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы күн райының бұзылуына байланысты мұнай тиеуді тоқтатқан


Каспи құбыр консорциуымының танкері
Каспи құбыр консорциуымының танкері

Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы күн райының бұзылуына байланысты мұнай тиеуді тоқтатқан. Мұны консорциумның телеграм-арнасы хабарлады.

"Нвороссийск аймағында секундына 22-24 метр жылдамдықпен дауыл тұрды (сағатына 79,2-86,4 шақырым), толқынның биіктігі 6-8 метрге жетті. Соған байланысты КТК теңіз терминалынан мұнай тиеу тоқтатылды. Резервуарлар толы. Осыған байланысты мұнай қабылдау жылдамдығы азайды" дейді консорциум телеграм-арнасы.

КТК – Қазақстан мен Ресей және әлемдегі жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысатын ірі халықаралық жоба. Құбырдың ұзындығы 1,5 мың шақырым. КТК негізінен Батыс Қазақстан мұнайы мен Ресей мұнайын тасымалдайды.

Құбыр жұмысы 2022 жылы әртүрлі себеппен кемі төрт рет тоқтаған.

2022 жылы Ресей соты Новороссийскідегі КТК терминалын 30 күнге тоқтатқан соң, Қазақстан билігі мұнай тасымалын диверсификациялайтынын жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG