Accessibility links

Ресей келер жылдан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгі азаматтарын әскерге шақырады


Ресей үкіметі әскери есепке тұру жөніндегі заңға өзгерістеренгізді. Бұл өзгерістен кейін, 2024 жылдан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгілер әскерге шақырылады. Бұған дейін әскерге алынатындардың шекті жасы - 27 жас деп белгіленген.

Бастапқыда әскерге 21 жастан бастап шақырылсын деген де ұсыныс болған. Алайда бірінші оқылымнан соң кері қайтқан. Ресей думасы қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың сөзінше, демографиялық жағдайға байланысты әскерге шақырылатын Ресей азаматтары азайып барады.

Украинаға жаппай басып кірген соң Ресей әскери қызметке байланысты заңдарын бірнеше рет өзгерткен. Әскерге шақырылғандар мұнан былай алғашқы күндерден-ақ келісімшарт қызметіне өте алады. Әскери комиссариатқа келмегені үшін айыппұл үш мың рубльден 30 мың рубльге дейін көтерілген. Түрмеде отырғандарға арнап, әскери есепке тұрудың ерекше режимі бекітілген, бұрын олардың әскерге баруға құқығы жоқ болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG